Әлем • 17 Тамыз, 2020

Үндістанда күніне мыңдаған адам коронавирус жұқтырып жатыр

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдік өркениет бесігінің бірі көне Үндістанға вирус салған шеңгел құрсауын босатар емес. Осылайша АҚШ пен Бразилиядан кейінгі үшінші орынға шыққан Индия Республикасының тұрғындары күніне мыңдап ауру жұқтырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үндістанда күніне мыңдаған адам коронавирус жұқтырып жатыр

17 тамыздағы РБК және REGNUM хабарларына қарағанда Индияда 2 648 353 адам КВИ адам жұқтырған. 51 059 пациент вирус кесірінен көз жұмып, 8944 адам ауыр хәлде жатқан көрінеді.

Индияның фарминдустрия жақсы дамыған елдердің қатарында екені белгілі. Пандемия жарияланғаннан бері үндістандық ғалымдар SARS-CoV-2-ге қарсы вакцина жасау ісіне кірісіп кетен-ді. 15 тамыз Индия Тәуелсіздігі мерекесінде Ескі Делидің Қызыл қамал мінберінде дәстүрлі құттықтауын айтып сөз сөйлеген елдің премьер-министрі  Нарендра Моди үш түрлі вакцинаның клиникалық тәжірибелерден өтіп жатқанын хабарлады. «Қазір 3 вакцина түрлі кезеңдегі сынақтардан өтуде. Олар дайын болысымен  қысқа мерзімде өндіріске шығарамыз, оған әрбір үнділіктің қолы жететін болады», деді Моди мырза.

Егер вирустан сырқаттанғандар ішінде қай шаттың алда екенін айтар болсақ, онда Үндістандағы киноөндірісі жолға қойылған орталығы Мумбай саналатын Махараштра штаты ең алдыңғы орында, одан кейін Тамилнад, үшінші Дели штаты COVID-19-бен аурудан алдыңғы үштікке кіріпті. Әлемдік статистика бойынша Индия адам өлімі тіркелуі жөнінен 8-ші позицияда.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.