Елорда • 17 Тамыз, 2020

Елорданың Денсаулық сақтау басқармасы карантин алынғаннан кейін босаңсымауға шақырды

784 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Барлық санитарлық-профилактикалық нормаларды қатаң сақтау ғана инфекция жұқтырудың қайта өсуін болдырмауға көмектеседі. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Елорданың Денсаулық сақтау басқармасы карантин алынғаннан кейін босаңсымауға шақырды

Дәрігерлер карантинді біртіндеп алып тастау босаңсуға себеп болмауы тиіс дейді. Тойлар мен бұқаралық іс-шараларды өткізуге әлі де тыйым салынады.

"Денсаулығымызға мұқият болып, ортақ жауапкершілікті сезінуіміз керек. Тек барлық санитарлық-профилактикалық нормаларды сақтау инфекцияның таралуын болдырмауға мүмкіндік беретінін есте ұстаған жөн", дейді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Муратов.

Бұған дейін елордалық жедел жәрдемге COVID-19 бойынша қоңыраулар 80 есе азайғаны хабарланған болатын (тәулігіне 500-ден 6-ға дейін).

МСАК ұйымдарында КВИ мен пневмониядан зардап шеккендерді оңалтудың үшінші кезеңі жүруде.
Науқастар жаттығу терапиясы, массаж, физиотерапия сияқты қалпына келтіру көмегінің көлемі мен ұзақтығын анықтайтын реабилитолог-дәрігердің кеңесін алады.

Қазіргі уақытта амбулаториялық деңгейде медициналық оңалту үшін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен қашықтан медициналық қызметтерді ұсыну үшін нормативтік құқықтық актілер мен емдеу хаттамалары жасалуда. Науқастарға арналған нұсқаулық және медициналық қызметкерлерге тыныс алуды қалпына келтіру бойынша нұсқаулықтар жасалған және бекітілген.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.