Медицина • 17 Тамыз, 2020

Қостанай облысының әкімі медицина қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етті

152 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, Қостанай облысының 15 медицина қызметкері ордендермен, медальдармен және Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Қостанай облысының әкімі медицина қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етті

Марапаттау рәсімінде Архимед Мұхамбетов індетке қарсы күрестің ең алдыңғы шебінде медицина қызметкерлерінің жүргенін атап өтті.

1

- Қазір бүкіл әлем короновирус инфекциясының етек алуына байланысты аса күрделі кезеңді бастан кешіріп жатыр. Құрметті медицина қызметкерлері, сіздер адам өмірі мен денсаулығы үшін болып жатқан күрестің үнемі алдыңғы қатарында бола білдіңіздер.

Бүгінде облыстың денсаулық сақтау саласында 15 мың медициналық қызметкер еңбек етеді. оның 1800-і дәрігер мамандар болса, 6 мыңнан астамы – орта медицина қызметкерлері.

Аймақта мыңнан астам медицина қызметкері індетке қарсы күрес жүргізіп жатыр. Оларға 2 млрд теңгенің үстінде қосымша өтемақы төленді.

Қазір өңірдің денсаулық сақтау саласын мамандармен қамту жұмысы жалғасуда. 2019 жылы Қостанай облысына 265 дәрігер келсе, биыл денсаулық сақтау саласына барлығы 227 маман шақыртылып отыр.  Өңірге келген дәрігерлерге көтерме ақы төленіп, баспана берілуде, - деді аймақ басшысы.  

2

«Құрмет» орденін омырауына таққан облыстық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Ирина Штейгервальд Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа шынайы алғысын арнады.

2

- Ең алдымен Мемлекет басшысына дәрігерлерге қамқорлық пен қолдау көрсетіп жатқаны үшін ризашылық білдіремін. Менің жұмысымды жоғары бағалағандарыңыз үшін шын жүректен қуанып тұрмын. Пандемия медицина қызметкерлерін жұмыла жұмыс істеуге үйретті. Пандемия біздің әрқайсымызды әрбір науқасқа ерекше назар аудара білуге үйретті. Ең бастысы біз көп болып командамен жұмыс істеуге үйрендік. Мен бүгін жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталған әрбір медицина қызметкерін мақтан етемін, - деді орден иесі.