Спорт • 18 Тамыз, 2020

«Ломбардия турында» топ жарды

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық «Астана» велокоманда­сы­ның даниялық өкілі әрі капитаны Якоб Фульсанг Италия тас жолында өткен бір күндік «Ломбардия турында» жеңімпаз атанды.

«Ломбардия турында» топ жарды

Бұл даниялық велошабандоздың бір күндік жарыстағы екінші үлкен жеңісі. Ол былтыр Льеж – Бастонь – Льеж дәстүрлі дода­сында жеңіс тұғырынан көрінген бола­тын. Бір күндік «Ломбардия туры» Бер­гамо қаласында басталып, Комо өзені­нің жағалауындағы Комо қаласында өз мә­ресіне жетті. Велоспортшылар жалпы 231 шақырым жолды жүріп өтті. Дәстүр бойынша, классикалық жарыстың бағыты Чивилло немесе Муро ди Сормано сияқты бірқатар қиын жолдарды қамтыды. Осындай ауыр жолды Якоб Фульсанг ең бірінші еңсеріп, тұғырдың ең биік сатысынан көрінді. Якобтың жеңіске жетуіне сүбелі үлес қосып, оған барынша көмек көрсеткен тағы бір «Астана» өкілі Александр Власов мәре сызығын үшінші болып қиды. Ал екінші орынды жаңазеландиялық Джордж Беннет (Team Jumbo-Visma) иеленді.