Елорда • 18 Тамыз, 2020

Алтай Көлгінов: Шағын мектептерден сыйымдылығы көп мектеп салуға көшіп жатырмыз

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыйымдылығы 1200-2000 мың оқушыны қамтитын білім нысандары мектептерімізге түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді, деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Инстаграм парақшасында. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Алтай Көлгінов: Шағын мектептерден сыйымдылығы көп мектеп салуға көшіп жатырмыз

"Шағын мектептерден гөрі сыйымдылығы 1200-2000 мың оқушыны қамтитын білім нысандарын салуға көшіп жатырмыз (екі ауысымда 4 мың орынға дейін). Бұл шешім мектептерімізге түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді.

Бүгін Т.Рысқұлов және №36, Е171 көшелерінің қиылысында орналасқан оқу орнының құрылысын көріп қайттым. Бұл мектеп нысанын биыл пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Осы жылы салынатын мектеп саны – 12. 2021 жылы тағы осынша білім нысаны салынады.

Мектеп, балабақша, тұрғын үй және басқа да әлеуметтік нысандарды салған кезде дизайн-код ережелерін ұстанамыз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес стилистикалық тұрғыда бірыңғай, жайлы әрі қауіпсіз қаланы қалыптастыратын дизайн-код бекітілді", деп жазды А.Көлгінов.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.