Қазақстан • 18 Тамыз, 2020

Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қалай алуға болады?

4590 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікке онлайн түрде өтініш беріп, құжатқа оңай қол жеткізуге болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қалай алуға болады?

Ол үшін Egov.kz порталына кіріңіз;
Іздеу жолы арқылы "Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру" қызметін табыңыз;
Қызметті онлайн сұратыңыз;
Аты-жөніңіз, тегіңіз жайлы ақпаратты толықтай жазып шығыңыз;
Аты-жөніңіздегі өзгерістер жайлы жазбалар тіркелген АХАТ бөлімі және дайын құжатты алатын ХҚО мекенжайы туралы деректерді порталға енгізіңіз;
Екінші қадамда қызмет үшін мемлекеттік БАЖ салығын төлеңіз;
Үшінші қадамда төлем мәртебесі жайлы ақпаратты "жаңарту" арқылы порталға шығарыңыз;
Төртінші қадамда ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз;
Қызметтің нәтижесін жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан көре аласыз.

Қызмет құны 1 айлық есептік көрсеткіш.
Қызмет АКТ жазбалары сұрауының орындалуына қарай 30 күнтізбелік күнге дейін созылуы мүмкін.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.