Қазақстан • 18 Тамыз, 2020

Қазақстандық ЖОО-ның 30 түлегі "Самұрық-Қазына" компаниялар тағылымдамадан өтеді

188 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстандық жоғары оқу орындарының 30 студенті "Жас Өркен" бағдарламасы аясында "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобында тағылымдамадан өту мүмкіндігін алды. Жалпы, 2020 жылдың 1 қаңтарынан 30 сәуірге дейін байқауға қатысуға 4000-ға жуық студент өтініш білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстандық ЖОО-ның 30 түлегі "Самұрық-Қазына"  компаниялар тағылымдамадан өтеді

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы Қор білікті кадрларды, ең алдымен талантты жастарды іздеу және іріктеу процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа кадрлық саясатты қабылдады. Кадр саясатындағы жаңа бастамаларды іске асыру Қорға жақын болашақта Орталық Азиядағы бірінші жұмыс беруші болуға және ТМД кеңістігіндегі үздік 30 елдің қатарына енуге мүмкіндік береді.

Нәтижесінде, "Самұрық-Қазына" қорының бастамасымен қазақстандық жоғары оқу орындарының талантты түлектерін тарту және дамыту бойынша "Жас Өркен" бағдарламасы іске қосылды. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында ЖОО-ның 70-тен астам түлегі "Самұрық-Қазына" Қорының компаниялар тобына жұмысқа орналасты. Үміткерлер қабілеттері мен әлеуетті бағалауды қамтитын 5-деңгейлі іріктеуден өтеді. Бағдарламаның басты артықшылығы-тәлімгерлердің жетекшілігімен жедел даму. Бағдарламаның ресми сайты – https://www.zhasorken.skcu.kz/ru.

Конкурстың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша 346 қатысушы екінші турға өтті, оның ішінде 96 үміткер төртінші турға өтті. Үміткерлер бизнес-міндеттерді өз бетінше шешу және құзыреті бойынша сұхбаттан өту бойынша жеке форматта бағаланды.

12-13 тамызда конкурстық комиссияның қатысуымен панельдік онлайн-сұхбат түрінде финалдық кезең өтті. Қатысушылар алдында 15 минут ішінде конкурстық комиссия алдында сөз сөйлеп, 2 минут ішінде  қазылар алқасын оларды қабылдауға сендіруі тиіс еді.

Сұхбаттасуға қатысқан 50 қатысушының 30-ы конкурстық комиссияның шешімімен "Самұрық-Қазына" компаниялар тобының төрт түрлі кәсіпорнында 20 айлық жеделдетілген даму бағдарламасынан өтуге мүмкіндік алды. Барлық кезең бойы тағылымдамадан өтушілерге жалақы төленеді, жол жүру және тұру шығындары төленеді.

Бірнеше ұлттық компанияларда ротация мүмкіндігін қамтитын осындай ауқымдағы бағдарлама ТМД аумағында жалғыз болып табылады. А.Есімов атап өткендей, Қордың басты активі адами ресурстар мен кадрлармен жұмыс болып табылады. Бағдарламаға деген қызығушылық жыл сайын артып келеді. 2017 жылы конкурстық іріктеуге 600 – ге жуық түлек, 2019 жылы 4000-ға жуық түлек қатысты. Өткен жылдың "Жас Өркен" бағдарламасының нәтижелері бойынша 16 студент Қордың портфельдік компанияларына жұмысқа орналастырылды: "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ, "Қазпошта" АҚ, "Эйр  Астана", "ҚТЖ" ҰК" АҚ және басқалары", - деді"«Самұрық-Қазына" Корпоративтік Университетінің директоры Ақмарал Қадырбаева.

Тендерлік комиссия құрамына Қордың және портфельдік компаниялардың басқарушы директорлары кірді. Тәуелсіз бақылаушылар ретінде М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Жоғары экономика мектебінің деканы Дилбар Гимранова және "Kaspi Bank" АҚ кадрлар бөлімінің директоры Олег Бахмутов болды.

Жеңімпаздар тізімі:

  1. Баян Бегалиева
  2. Нурсултан Куандыков
  3. Ерқанат Еркінбек
  4. Рустам Асранкулов
  5. Исламбек Сафаев
  6. Ерхан Батрханов
  7. Алдияр Даутбаев
  8. Жанболат Рахымбек
  9. Абильхаирхан Алдаберген
  10. Елизавета Лепесбаева
  11. Темір-ұлан Үмбет
  12. Анель Мамет
  13. Ануар Газис
  14. Владимир Абай
  15. Мурат Сарсембаев
  16. Арна Кайраткызы
  17. Арман Махамбетов
  18. Айжан Атшабарова
  19. Улдана Кудайбергенова
  20. Тлеужан Шарипуллаев
  21. Исмаил Тулебай
  22. Дамир Абдрашитов
  23. Дана Абельбасова
  24. Шыңғыс Құдайбергенов
  25. Эльдана Каримова
  26. Асель Букаева
  27. Рамазан Шаймаханов
  28. Жаксылык Мулдакулов
  29. Алтай Слямов
  30. Аслан Каженов

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.