Оқиға • 18 Тамыз, 2020

Рудныйда екі тұрғынның өлі денесі табылды

660 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рудный қаласының Арнайы тергеу-жедел тобы қос кісінің өлімі бойынша тергеу ісін бастап та кетті. Әзірге қылмыскер немесе күдікті тараптар жайлы еш мәлімет жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz

Рудныйда екі тұрғынның өлі денесі табылды

Қостанай облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бүгін сағат 11.48-де Рудный қаласының учаскелік полиция инспекторы "102" пультіне келіп түскен. Хабарламаны тексеру кезінде жеке үйден 53 жастағы ер адамның және 43 жастағы тұрғынның денесін тапты. Оқиға орнын тексеру кезінде өлімнің қанды қаскөйдің қолымен жасалғаны анықталды.

"Аталған факті бойынша "Адам өлтіру" 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта осы қылмысты ашу бойынша жұмыс істейтін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Сараптама тағайындалды. Енді қажетті тергеу амалдары жүргізілуде", деді облыстық ПД бастығының міндетін атқарушы Негмет Исмагулов.

Аталған жайттың тергеу барысын облыс прокуратурасы бақылауға алды.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.