Қазақстан • 18 Тамыз, 2020

Елімізде қазақстандық имиджді қалыптастырудың жаңа жолдары қарастырылуда

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған форсайттық сессия басталды. Зерттеу жұмыстарына еліміздің және шетелдің белді сарапшылары жұмылдырылуда, - деп хабарлайды Egemen.kz Ruh.kz порталына сілтеме жасап. 

Елімізде қазақстандық имиджді қалыптастырудың жаңа жолдары қарастырылуда

Форсайттық зерттеулердің қорытындысы бойынша сарапшылар қазақстандық имидждің жаңа бейнесін қалыптастыру жобасын жасап, кейбір тақырыптар бойынша қоғамдық дамудың 2035 жылға дейінгі танымын құрмақ.

17 тамыз күні форсайт зерттеулердің кезекті сессиясы басталды. Оның басты мақсаты – жастардың бағыты мен әлеуетін зерделеп, қазақстындық имидждің жаңа бейнесін қалыптастыру.

Форсайт сессияның басты модераторы – "BTS Education" ЖШС-нің жетекшісі Саясат Нұрбек. Сондай-ақ, модераторлар – "Global Futures Kazakhstan" ЖШС-нің ұйымдастырушылық даму жөніндегі сарапшысы Олег Мецик пен "Жаңа кәсіптер атласы" жобасы жетекшісінің орынбасары Евгений Виноградов (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы).

Форсайт "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институтының бастамасымен жүзеге асуда. "Қазақстандық имиджді қалыптастыру", "Инклюзивті көзқарас және инклюзивті қоғамды құру" және "Қазақстан халықаралық аренада" тақырыптары бойынша өтеді.