Технология • 18 Тамыз, 2020

Банк қызметкері ретінде хабарласатын алаяқтар көбейген

2064 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті Қазақстан банктерінің қоңырауларымен байланысты алаяқтық жағдайлардың жиілеп кеткені туралы хабардар етеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Банк қызметкері ретінде хабарласатын алаяқтар көбейген

Алаяқтар өздерін Еуразиялық банктің қызметкерлері ретінде таныстырады. +7(771)0007722, +7(700)0007722, +7(702)0007722 абоненттік нөмірлерін пайдалану арқылы "Smart.bank.kz" қауіпсіздік қызметінің қызметкері Артем Васильевич Давыдов және Руслан Александрович Ибрагимов деп таныстырып, клиенттерге олардың карталары бойынша күдікті операциялар туралы хабарлайды және банк жүйесінде транзакцияны жою үшін клиенттерден ЖСН, төлем карталарының реквизиттерін, ұялы телефондарына келіп түсетін біржолғы СМС-кодтарды алып алады. Құпия деректерді алғаннан кейін каскүнемдер "Интернет-банкинг" қызметі арқылы карт-шоттардан ұрлық жасайды.

Қазіргі кезде аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 190-бабына сәйкес 40-тан астам қылмыстық іс тергелуде. Аталған қылмыс үшін 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егерде Сізге осы секілді қоңырау келіп түссе, реквизиттеріңізді бермеңіз. Банк қызметкерлері ешқашан қоңырау шалмайды және дербес деректерді жинамайды. Осы секілді жағдайларда тез арада банкпен хабарласып, транзакция мен картаны бұғаттап, полицияға хабарлау қажет.  

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.