Қоғам • 18 Тамыз, 2020

"Қазақстан инжиниринг" қарасты кәсіпорындар "Aрмия -2020" форумына қатысады

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ қарасты кәсіпорындар осы жылдың 23-29 тамызы аралығында Ресей Федерациясында өтетін  "Aрмия -2020" халықаралық әскери-техникалық форумына қатысады. Бұл туралы Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстан инжиниринг" қарасты кәсіпорындар "Aрмия -2020" форумына қатысады

Форумға қатысудың басты мақсаттары - экспортқа қос мақсатты өнімді шығару бойынша еншілес компаниялардың мүмкіндіктерін көрсету, ынтымақтастық мәселелері бойынша келіссөздер жүргізу, инвестициялар мен заманауи технологияларды тарту аясында бірлескен жобалар құру, халықаралық әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту.

Атап айтқанда, «Tыныс» зауыты форумның Қазақстан стендінде авиациялық құрамдас бөлшектерді (керосин жылытқыш, бейтарап газ генераторы, қысым қондырғысы), күштік құрылымдарға арналған жеке қорғаныс құралдарының (әртүрлі сыныптағы бронды кеудешелер, оққа қарсы шлемдер, соққыға қарсы қорғаныс қалқандары) және басқа да өнімдердің толық көлемді үлгілерін көрсетуді жоспарлап отыр.

«Тыныс» - авиациялық құрамдас бөлшектерді Ресей Федерациясына экспорттайтын Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын.

Сонымен қатар, «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ қорғалған ноутбуктер мен планшеттерді, «Семей инжиниринг» бронды машиналарды күрделі жөндеу және модернизациялау қызметтерін, «Семей машина жасау зауыты» модификацияланған транспортер-тракторды және т.б. ұсынуды жоспарлап отыр.

Форум аясында қос мақсаттағы өнімдерге ықтимал тапсырыс берушілермен келіссөздер жүргізу, сондай-ақ перспективалық жобалар бойынша пікір алмасу жоспарланған.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.