Экология • 18 Тамыз, 2020

Экология министрі Кіші Талдыкөлге қатысты пікір білдірді

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы Кіші Талдыкөл көлін құрғату жұмыстарына сарапшылар мен ғалымдар тартылатын болды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экология министрі Кіші Талдыкөлге қатысты пікір білдірді

"Бүгін Кіші Талдыкөл мәселесіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласының әкімімен сөйлестім. Біздің министрліктің пайымынша көлді құрғату жұмыстары экожүйенің бұзылуына әкелуі мүмкін", деп жазды Мағзұм Мырзағалиев өзінің Twitter парақшасында.

"Алдағы уақытта ғалымдар мен эколог сарапшыларды тарта отырып, қала басшылығымен бірлесе  осы мәселені толық зерттеуге келістік. Енді кез келген шешім жоғарыда аталған мамандардың қорытындысына сай шығарылатын болады", деді Экология министрлігінің басшысы.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.