2013 жылғы 24 қазанда Астана вокзалынан «Жолаушылар тасымалы» АҚ жасақтаған «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған «Астана-Атырау» бағытындағы №19/20 «Атырау» жүрдек пойызының екінші құрамы аттанды.
2013 жылғы 24 қазанда Астана вокзалынан «Жолаушылар тасымалы» АҚ жасақтаған «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған «Астана-Атырау» бағытындағы №19/20 «Атырау» жүрдек пойызының екінші құрамы аттанды.
Жаңа пойыздың қатынау мерзімділігі – күнара. Астанадан Атырауға дейінгі жол 22 сағат 57 минутты, Атыраудан Астанаға дейінгі уақыт 22 сағат 15 минутты құрайды.
Пойыздың жаңа құрамы 27 вагоннан тұрады, оның 22-сі жолаушылар тасымалдауға бейімделген, 2-уі «Гранд» санатты (екі орындық люкс), 2-уі «Бизнес» санатты (екі орындық) және «Турист» санатты (төрт орындық) 18 жолаушы вагоны. Сондай-ақ, 3 техникалық, 1 вагон бар мен 1 мейрамхана вагоны бар.
«Гранд» санатты вагондардың бірі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған және кез келген биіктіктегі платформадан вагон ішіне енуге мүмкіндік беретін арнайы көтергіш құрылғымен жабдықталған. Купеде душ, санитарлық желі, арнайы жабдықталған есіктер, жолсерікті шақыру нүктесі қарастырылып, жолаушыларды отырғызу және түсіруге ыңғайландырылып дәліздер кеңейтілген.
«Тұлпар-Тальго» вагондары жоғары жайлылыққа, жеңіл конструкцияға ие және Қазақстанның ауа райы өзгешеліктеріне бейімделіп, қазіргі заманның заманауи технологияларын пайдалану арқылы жасалған. «Тұлпар-Тальго» вагондары энергиямен қамтамасыз ететін орталық жүйе, ауа баптағышпен, қауіпсіздікті бақылаудың электронды жүйесімен қамтылған.
Атап өтер жайт, жүрдек бағыттардың жіберілуі жолдағы уақытты 1,5 есеге қысқартады. №19/20 пойыздың жіберілуі Астана стансасынан Атырауға дейінгі жолды (1 839 км.) 33 сағаттан 22 сағатқа қысқартады.
«Егемен-ақпарат».