Футбол • 19 Тамыз, 2020

Намысты намыссыздар қорғаған күн

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Немесе «Астана» Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде «Динамо Брест» командасынан 3:6 есебімен ойсырай жеңілді.

Намысты намыссыздар қорғаған күн

Бір қызығы, «Астана» Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу сынында жеңіліс тапса да, еурокубоктан шығып қалмайды. Олар енді Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіне қатыса алады.

Иә, «Астана» пандемияға байланысты 5 ай доп теппеді. Бірнеше ойыншысы covid-пен және өкпесі қабынып, дер кезінде қатарға қосыла алмады. Бірақ, бүгінгі есепке барлығы сылтау бола алмайды. Шындыққа тура қарау керек. Команда деңгейі баяғы Стоиловтың кезіндегідей емес. «Астана» басшылары тығырықтан шығар жол таппаса, дәл қазір команда үлкен жетістікке жете алмайды. Тіпті, биыл ішкі біріншілікте чемпиондық аттақ таласудың өзі неғайбіл.

 

Статистика:

«Динамо Брест» – «Астана» 6:3

Гордейчук 16, Печенин 17, Гордейчук 22, Седько 37, Диалло 55, 90 – Томасов 45, Ротариу 53, Бейсебеков 87.

Допты иелік ету – 49% – 51%; соққы – 15:21; дәл соққы – 8:8; бұрыштама – 3:10; офсайд – 3:1; сары қағаз – 1:0; ойыншы алмастыру – 3:2.

«Динамо Брест»: қақпашы – Игнатович; қорғаушылар – Печенин, Габи, Хачериди, Юзепчук; жартылай қорғаушылар – Седько, Кисляк (капитан) (Кривец), Тве; шабуылшылар – Гордейчук (Савицкий), Милевский (Быков), Диалло.

«Астана»: қақпашы – Непогодов; қорғаушылар – Перцух (Барсегян), Шимунович, Радакович, Шомко; жартылай қорғаушылар – Маевский, Томасов, Эбонг, П.Сотириу, Бейсебеков; шабуылшы – Щеткин (Д.Ротариу).