Руханият • 19 Тамыз, 2020

Қайырымдылық – игі амал

28 рет көрсетілді

«Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырады» («Сәбә» сүре­сі, 39-аят). Адамның айналасындағы мұқтаж жандарға де­ген ықыласы мен көмегі адамгершілік қарым-қатынастар­дың озық үлгісі болса керек. Жүрегінде иманы бар жұрт қолынан келгенше Алла алдындағы қасиетті парыз­дың бірін қайырымдылық деп біледі.

Осындай қайырымдылық шарасын жақында имандылықтың ор­дасы саналатын Нұр-Сұлтан қаласындағы Әзірет Сұлтан мешіті жасады. Мешіттің бас имамы Ерболат Жүсіповтің бастамасымен «Астана қаласы мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі мен «Семей-ЯП» қоғамдық қорына қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмек қолын созды.

– Осындай қиын-қыстау кезеңде мүгедек, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп отырған Әзірет Сұлтан мешітінің ұжымына, оның бас имамы Ерболат Жүсіповке алғысымызды жеткізгіміз келеді. Мешіт атынан біздің мүшелерімізге елуге тарта азық-түлік себетін таратты. Алланың нұры жаусын! Қайырымды жандарға үлкен алғысымызды білдіреміз, – дейді «Астана қаласы мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі мен «Семей-ЯП» қоғамдық қорының төрағасы Болатбек Әбдікәрім.

Мешіттің бас имамы қайырымдылық шарасы алдағы уақытта да жалғасатынын, аталған қоғамдық бірлестік пен қоғамдық қордың көмекке мұқтаж азаматтарын әркез қолдап, көмек көрсете­тіндерін жеткізді.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласында жер сілкінді

Аймақтар • Бүгін, 17:39

Мереке қарсаңында марапатталды

Аймақтар • Бүгін, 13:58

6 мамырға арналған валюта бағамы

Экономика • Бүгін, 11:16

Ұқсас жаңалықтар