Теннис • 19 Тамыз, 2020

Рейтинг жаңарды

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық әйелдер теннис қауым­дастығы наурыз айынан кейін бірінші рет спортшылардың әлемдік рейтингін жаңартты. Пандемияға дейінгі жарыс­тарда тәуір нәтиже көрсетіп жүрген екі отан­дасымыз рейтингтегі орнын сақ­тап қалды.

Рейтинг жаңарды

Әлемнің ең үздік теннисшілерінің алғашқы үштігінде еш өзгеріс жоқ. Наурыз айына дейін рейтинг көшін бастап келген аустралиялық Эшли Барти өз орнында қалды. Одан кейінгі орында румыниялық Симона Халеп және чех спортшысы Каролина Плишкова тұр.

Қазақстанның бірінші және екінші ракет­касы Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева да бұрынғы орындарын сақтап қалды. Рыбакина 17, Путинцева 33-орынға жайғасқан. Ал Зарина Диас екі сатыға төмендеп, 66-орынға тұрақтады. Сондай-ақ жұптасып өнер көрсету бәсекесінде Қазақстан өкілі Галина Воскобоева 61-орыннан 62-орынға, Анна Данилина – 126-орынға (-1), Путинцева – 171-орынға (-1) сырғыды.