Жеңіл атлетика • 19 Тамыз, 2020

16 жылдық рекордтың мұрты бұзылды

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері жеңіл атлетикадан Мона­кода «Гауһар лигасының» бірінші кезеңі өтіп жатыр. Кезекті жарыс күнінде угандалық атлет Джошуа Чептегеи 5 мың метрге жүгірудің фи­нал­дық бәсекесінде өнер көрсетіп, 2004 жылдан бері өзгермей келе жат­қан әлем рекордын екі секундқа жаңартты.

16 жылдық рекордтың мұрты бұзылды

23 жастағы Джошуа Чептегеи белгіленген 5000 метр қашықтықты 12 минут, 35, 36 секунд ішінде жүгіріп өткен. Осылайша Чепте­геи эфиопиялық жеңіл атлет, 3 дүркін Олимпия ойындарының чемпионы Кененис Бекеленің 2004 жылдың 31 мамырында Нидер­ландтың Хенгело қаласында өткен жа­рыста орнатқан рекордын жаңартты. Сол жылы 22 жаста болған эфиопиялық желаяқ 5 мың метрді 12 минут, 37,35 секундта басып өткен.