«Құжатқа сәйкес, ел Конституциясының 106-бабы, «Беларусь Республикасының Министрлер Кеңесі туралы» 2008 жылғы 23 шілдедегі №424-З заңының 9-бабы бойынша Беларусь үкіметі президент жаңадан сайланған соң өз өкілеттігін тоқтатты», делінген агенттік таратқан ақпаратта.
Шешім қабылданған күннен бастап өз күшіне енеді. Мемлекет басшысы Александр Лукашенко бұған дейін үкіметтің одан әрі қарай жұмыс істеуі үшін құжаттарды дереу дайындауды тапсырған болатын. Сол кезде президент негізінен үкімет қайта жасақталғанын атап өтті.
Сондай-ақ А.Лукашенко Минскідегі зауыттардың біріне барып жұмысшылармен кездесті. Ол өндіріс орнын аралап жұмыс барысымен танысып, қызметкерлермен сөйлесті. Президент елдегі, зауыттардағы наразылық туралы пікірін білдірді. Александр Лукашенко елдегі билікті көше акциялары арқылы емес, Конституциялық процесс арқылы қайта бөлуге болатынын мәлімдеді. Президент қазіргі жағдайда интернеттегі кейбір ақпарат көздеріне сүйенбей, салмақты шешімдер қабылдауға шақырады.