Аймақтар • 19 Тамыз, 2020

Өмірзақ Шөкеев Түркістанда салынып жатқан құрылыс нысандарын аралады

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарын аралап, мердігерлермен кездесті. Оларға құрылысты ширатуды тапсырып, міндеттер жүктеді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 

Өмірзақ Шөкеев Түркістанда салынып жатқан құрылыс нысандарын аралады

Аймақ басшысы келісімшартта көрсетілген тиісті міндеттерді бұзғандарға, кестеден қалыс қалып не кемшіліктерге жол берген мердігер мекемелерге аяушылық танытпауды тапсырды. Ол үшін заң аясында тиісті шара қолданылатынын ескертті.

Облыс басшысы әкімшілік-іскерлік орталығындағы құрылысы баяу жүргізіліп жатқан тұрғын үйлердің жұмыстарымен танысты. Алғашқы түзілген өндірістік кестеге сәйкес, бұл нысандардың басым бөлігі қыркүйек айында пайдалануға тапсырылуы тиіс болған.

Алайда, тапсырыс беруші тарапынан облыстық құрылыс басқармасының келісімінсіз өндірістік кестесі қайта жасалып, тапсыру мерзімі қазан айына дейін ұзартылған. Бекітілген кестеден қалыс қалғандарға ірі көлемде айыппұл салынуы мүмін.