Экология • 19 Тамыз, 2020

Экология: 18 мыңға жуық адам жауапқа тартылды

77 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

“Таза Қазақстан” жедел алдын алу шарасы кезінде экологиялық құқық бұзушылық үшін 18 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы polisia.kz хабарлады. 

Экология: 18 мыңға жуық адам жауапқа тартылды

Республикада экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған “Таза Қазақстан" жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде.

Профилактикалық іс-шараны ІІМ экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп өткізеді. Патрульдік полиция қызметкерлері мен ЭГТРМ өкілдері құрамындағы ұтқыр топтар адамдар көп жиналатын орындарды (демалыс аймақтары, орман алқаптары, жағажайлар, су айдындары және т.б.) тексерулермен қамтыды.

Рейд барысында полицейлер абаттандыру, жасыл желектердің бүлінуі, су пайдалану және балық аулау ережелерін бұзбау туралы ескертіп, азаматтармен профилактикалық әңгіме жүргізеді. Алайда, ескертулерге қарамастан, жекелеген азаматтар экология саласындағы бұзушылықтарға жол береді