Әлем • 19 Тамыз, 2020

Джо Байден ресми түрде АҚШ президенттігіне үміткер болды

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Демократиялық партия съезінде Джо Байден ресми түрде АҚШ президенттігіне кандидат болды, - деп хабарлайды Egemen.kz ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Джо Байден ресми түрде АҚШ президенттігіне үміткер болды

Белгілі болғандай, Джо Байденнің кандидатурасын қолдаушылардың арасында АҚШ-тың экс-президенттері Бил Клинтон, Джимми Картер және АҚШ-тың вице-мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл бар.

Айта кетейік, Джо Байден АҚШ президенттігіне кандидатурасын осымен үшінші рет ұсынып отыр.  Бұған дейін ол 1988 және 2008 жылдары ұсынылған еді.

Ал АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп сайлауалды науқаны жүргізіліп отырған Аризона штатында жүр. Сауалнамаға сәйкес, Байден Трамптан озып келеді, алайда Д.Трамп соңғы апта қорытындылары бойынша көшбасшылыққа жақындай түскен.

Еске сала кетейік, демократтар партиясының съезі осы аптада коронавирус пандемиясына байланысты онлайн форматта өтеді. Онда АҚШ сенаторы Камала Харрис, Хиллари Клинтон және АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың сөз сөйлеуі жоспарланып отыр.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.