Президент • 19 Тамыз, 2020

Президент: Қоғамның қолдауынсыз табысқа жете алмаймыз

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Азаматтарда парасаттылық идеологиясы қалыптасуы тиіс. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте сөз сөйлеген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.



Президент: Қоғамның қолдауынсыз табысқа жете алмаймыз

"Мемлекеттік органдар қанша тырысса да, қоғамның қолдауынсыз біз табысқа қол жеткізе алмаймыз. Азаматтарда парасаттылық идеологиясы қалыптасуы тиіс. Қазіргі уақытта бұл бағытта ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Академиялық адалдық лигасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған волентерлік клуб, адалдық дүңгершегі және өз-өзіне қызмет көрсету кассасы - мұндай жобалар туралы ақпараттарды кеңінен жариялау қажет. Бұған қоса, жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттің барлық майданында қоғамдық бақылауды күшейту керек", - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті азаматтық қоғам мемлекетке көмек көрсетуге дайын екендігін баса айтты. "Адал көмек" тұғырнамасын жасау жеткілікті болды және 11 мыңнан астам әлеуметтік жағынан аз қамтылған азамат танымал адвокаттардан кеңесті тегін алды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.