Аймақтар • 19 Тамыз, 2020

Атырауда модульді полиция бекеттері көбейеді

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласындағы "Исатай-Махамбет" алаңында, "Жеңіс" саябағында, Махамбет атындағы драма театрының маңында және Вокзал маңы ықшамауданында  төрт модульді полиция бекеті бар, - деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда модульді полиция бекеттері көбейеді

"Бұл бекеттерде патрульдік полиция баталонының қызметкерлері екі ауысыммен жұмыс істейді. Бір ауысым уақыты – 12 сағат. Жыл басынан бері бұл бекеттер арқылы алаяқтық, құжаттар мен балалардың жоғалуы туралы  1500-ден астам шағым қабылданды. Кезекші  қызметкерлер шақырту және өзге де себеппен шығып кеткен болса, модульді бекеттің сыртында   дабыл нүктесі бар. Сол арқылы дабыл белгісі «102» операторының пультіне түседі", - дейді облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Енді тағы да 24 модульді полиция бекетін орнату көзделіп отыр. Атырау қаласының аумағында 15,  жеті ауданның орталығында 9 бекет орнатылады. Ал, Жылыой мен Құрманғазы аудандарының орталығында  осындай екі бекеттің екеуі болады. 

"Бір ерекшелігі,  бұл бекеттер ҚР Ішкі істер министрлігінің базасына тіркелген осы заманғы компьютермен қамтылады. Тұрғындар үшін қолайлы болатын ашық алаңдарда орнатылатын модульді полиция бекеттері  құқық бұзушылықты тез анықтауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға ықпал етеді", - дейді  полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.