Руханият • 19 Тамыз, 2020

Жас суретшілер Австрияға жолдама алды

183 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Балалар арасында ұйымдастырылған "Жануарлар – менің достарым!" республикалық конкурсы мәреге жетті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Жас суретшілер Австрияға жолдама алды

Байқаудың салтанатты құттықтау іс-шарасы Бас демеуші "Edu Stream" компаниясының EduStream KZ атты Youtube арнасында онлайн өтті.  

Байқау Қазақстан Республикасы Президентінің қолдауымен, Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аясында, Білім және ғылым, Мәдениет және спорт министрліктерінің қолдауымен, «Балалар  Әлемді Бейнелейді» Қоғамдық Қоры, бас серіктес «Edu Stream» компаниясының және «Технодом» мен «Настоящий Буратино» сынды серіктестердің демеушілігімен өтті.

2020 жылдың 1 сәуірі мен 15 шілдесі аралығында өткен байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен төрт мыңнан астам бала қатысқан. Қатысушылардың шығармашылығы  6-8, 9-11, 12-14 және 15-17 жас мөлшері бойынша жіктеліп, әр топтан үш жеңімпаз анықталған. Сондай-ақ бас жүлде сыйлығы тағы бар.  Сонымен байқаудың бас жүлдесіне Алматы қаласының тұрғыны Мария Иваниченко (15 жас) лайық деп танылды.

Бас жүлде иегері Мария Иваниченко конкурстың бас демеушісі «Edu Stream» компаниясынан Австрияға жолдама және Apple iPad табысталды. Австрияға сапар сертификатын әр топтағы 1-ші орын иегерлері де алды. Барлық жеңімпаз «Технодом», «Настоящий Буратино» компанияларының смартфон, самокат және басқа да құнды сыйлықтарын иеленді. Ішкі Істер Министрлігі конкурсқа қатысқан Жасмин Назар, Аделя Ахмет, Фатима Рызаеваға арнайы сыйлық – планшеттер табыстады. Сонымен қатар қысқа бейне түсіретін «LIKEE» ғаламдық платформасы, «Добровольное общество «Милосердие» қоғамдық қоры, «Animal Security» қоғамдық қоры, «Белый бим» жануарлар панасының ынталандыру сыйлықтары да иелерін тапты.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.

Соңғы жаңалықтар