Футбол • 20 Тамыз, 2020

Тарихи финалға жолдама алды

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

УЕФА Чемпиондар лигасының биыл­ғы маусымы да мәресіне таяп келеді. Лиссабондағы (Португалия) «Да Луш» стадионында өткен жартылай финалдың алғашқы ойынында ПСЖ клубы «Лейпцигті» ірі есеппен жеңіп, тарихта тұңғыш рет финалға жолдама алды.

Тарихи финалға жолдама алды

Бірінші таймда ПСЖ құрамынан Маркиньос пен Ди Мария бір-бір голдан соғып есепті 2:0-ге жеткізсе, екінші таймның басында Хуан Бернат мергендігімен көзге түсті. Матчтың соңына дейін осы есеп өз­геріссіз қалып, Париж командасы 3:0 нәти­­жесімен жеңіске жетті. Матч барысында Анхель Ди Мария гол соғып қана қоймай, екі голға да ассистенттік жасады.

Осылайша 50 жылдық тарихы бар Фран­цияның «Пари Сен-Жермен» клубы тарихта тұңғыш рет Чемпиондар лигасының финалында ойнауға мүмкіндік алды.