Саясат • 20 Тамыз, 2020

Қазақстан-Украина: Өзара сауда төмендеді

523 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жуырда бейнеконференция режімінде Қазақстанның Cауда және интеграция вице-министрі Қ.Төребаевтың және Украинаның Экономика, сауда және ауыл шаруашылығын дамыту министрінің орынбасары Т.Качканың тең төрағалық етуімен, сондай-ақ екі елдің мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдарының қатысуымен Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымын ұлғайту жөніндегі жұмыс тобының 2-отырысы өтті.

Қазақстан-Украина: Өзара сауда төмендеді

Отырыста тараптар алғашқы операциялық тұжырымдардың орындалу бары­сы туралы ақпаратты тыңдады, сондай-ақ іске асыры­луы өзара сауда көлемінің ұл­ғаюына оң әсер етуі тиіс негізгі іс-ша­ралар көрініс тапқан 2-оты­рыстың операциялық қоры­тын­дылары талқыланды және келісілді.

Бұдан басқа тараптар covid-19 пан­демиясының тауар­­лардың екі жақты сау­дасы­на әсері және сауда-эко­но­ми­калық ынтымақтастықты жан­­дан­­ды­рудың ықтимал жолдары мәсе­лелеріне егжей-тег­жей­лі тоқталды, сондай-ақ өнер­кәсіп және ауыл шаруа­шы­­лығы, Транскаспий ха­лықаралық көлік бағытын пай­да­лана отырып, жүктерді тран­­зит­тік тасымалдауды дамыту және екі жақты саудада сауданы қор­ғау құралдарын пайдала­ну са­ласындағы ынты­мақ­тастықтың перспективаларын талқылады.

2019 жылдың қорытындысы бо­йынша елдер арасындағы өза­ра сауда көлемі 7,4%-ға тө­мен­­деп, 1,3 млрд долларды құ­ра­ды.

2020 жылдың алты айында Қазақстан мен Украина ара­­сындағы өзара сауда 398 млн дол­ларды құрады, бұл 2019 жыл­дың ұқсас кезеңіне қара­ған­да 36,7%-ға төмен (629,1 млн доллар). Бұл ретте, Қазақ­­станнан Украинаға экспорт көлемі 51,2%-ға төмендеп, 225,3 млн долларды құрады жә­не Украи­надан импорттың 3,3%-ға (172,7 млн доллар) өске­ні байқала-
ды.

Бүгінде Қазақстан өңдел­ген тауарларды Украина на­ры­ғына жеткізуді арттыруы мүмкін, бұл металлургия, мұнай-химия, тамақ, химия, машина жасау салалары өнім­­дерінің 70-ке жуық түрі, сон­­дай-ақ жалпы сомасы 349,5 млн доллар болатын құрылыс мате­­риалдары. Атал­ған тізім Ук­раи­на тарапына дип­ло­ма­тия­лық арналар арқы­лы жібе­ріледі.