Коронавирус • 20 Тамыз, 2020

Коронавирусқа қарсы вакцина тегін болмайды - Алексей Цой

1384 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ресейлік коронавирусқа қарсы вакцинаны сатып алу жоспарлары туралы айтты. Сонымен қатар қазақстандықтар вакцинадан зардап шеккен жағдайда кім жауапты болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирусқа қарсы вакцина тегін болмайды - Алексей Цой

"Халық денсаулығы туралы Кодекске сәйкес, бізде міндетті және ерікті екпелер бар. Біз коронавирусқа қарсы вакцинаны ерікті вакцинаның құрамына қосу мәселесін қарастырамыз. Өйткені вакцинаның арадан жылдар өткендегі нәтижесі мен әсері қалай болатыны әлі толық зерттелмеген. Бірақ бізде рұқсатнама және вакциналарды Қазақстанда пайдалану мүмкіндігі болуы тиіс", - деді Цой.

Министр вакцинаның тек денсаулығына қауіп төніп тұрған адамдар үшін ақысыз жасалатынын айтты. Яғни, вакцинациялау уақытында дәрігерлер, қарт адамдар және созылмалы аурулары бар науқастарға ғана тегін жасалады. 

"Біз жақын арада ресейлік әріптестеріміздің клиникалық зерттеу нәтижелерін көру,  бағалау, болашақта Қазақстанға тіркеу және жеткізу мүмкіндігі туралы келісу үшін Ресейге ұшамыз. Яғни, бұл үлгілерді алу үшін, біз өзімізде тексеріп көреміз. Егер бәрі жақсы болса, оны қолдана аламыз", - деді Цой.

Ең маңызды мәселе - вакцинаның сапасы мен қауіпсіздігі үшін кім жауапты болады? Алекцей Цой сұхбатында бұл туралы да айтты. 

"Бізде дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы бар, ол кез келген өнімнің, оның ішінде вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалайды. Бағалау Халықаралық заңнама бойынша өтеді. АҚШ пен ЕО-мен бірдей талаптар қойылады", - деді министр.

Алайда, жағымсыз реакциялар кез келген дәрілік заттарды қолданғанда орын алуы мүмкін екенін де жасырмады. 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.