Әлем • 20 Тамыз, 2020

Түркімен билігі дәрігерлерді 700 долларлық теледидар алуға мәжбүрлеп жатыр

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркіменстан билігі мұғалімдерді, дәрігерлерді және басқа бюджеттік қызметкерлерді жергілікті теледидарды сатып алуға мәжбүр етеді, олардың құны жалақыдан ұсталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркімен билігі дәрігерлерді 700 долларлық теледидар алуға мәжбүрлеп жатыр

"Фарап қаласында бюджет қызметкерлері жергілікті смарт-теледидарлар сатып алуға нұсқау алды. Осы 32 дюймдік "Толкун" теледидарының әрқайсысы 2400 Манат (686 доллар) тұрады", дейді Лебап облысындағы басылым тілшісі.

Жергілікті билік бюджет қызметкерлеріне теледидар үшін ақшаны ай сайын 500 Манат (143 доллар) жалақыдан ұстап тұратынын ескерткен. Бірақ олар теледидарды 2021 жылдың қаңтарында ғана ала алады. 

Түркіменстан өткен жылдың соңында смарт-теледидарлар шығару жоспарын жариялаған еді. Айдын Гиджелери бірлескен кәсіпорнында 32 дюймдік, 42 дюймдік және 55 дюймдік теледидарлар шығару жоспарланған болатын. Ресми тұлғалардың мәлімдеуінше, мамандар шетелде оқып келген.

Ал сарапшылар журналистерге елдегі Интернеттің нашарлығына байланысты смарт-теледидардың көптеген функциялары, тіпті жоғары сапалы жабдық болған жағдайда да, жергілікті тұрғындар үшін қолжетімді болмайтынын айтты. 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.