Аймақтар • 20 Тамыз, 2020

Алматы облысының бас санитар дәрігері қатаң сөгіс алуы мүмкін

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында Алматы облысының Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы өтті, онда облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерғали Сыдымановпен болған оқиға туралы іс қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысының бас санитар дәрігері қатаң сөгіс алуы мүмкін

Талдықорған әкімінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлы атап өткендей, Әдеп жөніндегі кеңес Қазақстанның денсаулық сақтау министріне санитарлық дәрігерге қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынған.

"Мен мұны орынды және әділ шешім деп санаймын. Дегенмен көпшілік оны жұмыстан шығарғысы келеді. Біріншіден, ол өз кінәсін толық мойындап, қала мен облыс тұрғындарынан кешірім сұрады. Екіншіден, видеода адамға балағат сөздер немесе қорлау болған жоқ, әсіресе  жеке басқа өту фактісі орын алған жоқ. Үшіншіден, ол денсаулық сақтау саласында тәжірибесі мол және еңбек өтілі бар өз ісінің маманы",  деп жазды Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы өзінің Instagram парақшасында.

Еске салайық, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерғали Сыдымановқа қатысты тәртіптік іс қозғады. Алғашқы жұмыс күні Ерғали Сыдыманов Талдықорған қаласының тұрғындарымен кездескен еді. Шенеуніктің дөрекі сөздері видеоға түсіп, әлеуметтік желілерге тарап кеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар