Экономика • 20 Тамыз, 2020

Қандай тауарларды шетелге тасымалдау тиімді?

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есеп беру кездесуінде қандай тауарларды шетелге тасымалдау тиімді екенін айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қандай тауарларды шетелге тасымалдау тиімді?

"Қазақстанда бәсекелес өнімді жасау мәселесі ғана емес, сондай-ақ оны шетелге – жердің қиыр шетіне Еуропаға немесе Америкаға жеткізіп, сату мәселесі тұр. Мұндай шалғай жерлерге тар шеңберде мамандандырылған тауарларды ғана шығару тиімді. Бірақ қалған барлық өнімдер бойынша бәсекелесу бізге өте қиын. Сондықтан әрқашан жақын жердегі көршілермен саудаласу тез және тиімді", - деді министр.

Оның сөзінше, көптеген интеграциялық бірлестіктер сауда белсенділігін танытуда, ал ЕАЭО-да ішкі сауда көрсеткіші өте төмен. Атап айтқанда, Еуропалық одақта ЕО ішінде сауда көлемі 63%, НАФТА – 47%. Еуразиялық экономикалық одақта бұл көрсеткіш 14%-тен астам емес.

"Өңірлендіру және экономикалық интеграция мәселелері бүгінгі жағдайда өте маңызды. Біз осы алаңда ұлттық мүдделерімізді қорғайтын боламыз", - деді Б. Сұлтанов.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.