Қазақстан • 20 Тамыз, 2020

1424 сall-орталығының бейнесін рубик кубиктарынан жинады

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рубик кубиктарынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы полотно пайда болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі парасаттылық қағидаттарын дамытудың және ведомство қызметі туралы халықты хабардар етудің жаңа тәсілдерін қарастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz

1424 сall-орталығының бейнесін рубик кубиктарынан жинады

Рубик кубиктерінен ұлы Абайдың портретін жасағаннан кейін кеңінен танымал болған елордалық жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттері Тынысбек Бөпіштай мен Қанат Ахметрасул арнайы тақтаға Агенттіктің логотипі мен 1424 Сall-орталығының нөмірі көрсетілген суретті салды.

Олардың кәсіби деңгейде орындалған шығармалары – Рубик кубикінен жасалған Абай Құнанбаев, Шәмші Қалдаяқов, Жақсылық Үшкемпіровтің портреттеріне жұртшылық тәнті болды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке арналған ұзындығы 1,6 метр, ені 1,1 метр ақпараттық полотноны жас дарынды жігіттер 2 сағат ішінде жинады.

Т.Бөпіштай қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмысқа қатысуды өзінің азаматтық парызы деп санайтынын атап өтті. Ол сондай-ақ өз құрдастары мен барлық отандастарын парасатты болуға және сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстанды бірге құруға шақырды.