Әлем • 20 Тамыз, 2020

ДДҰ-ға жарна көбейе ме?

463 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франция мен Германия ұстанымы бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын қаржыландыруды жарна есебінен ұлғайтуды жөн көреді. Бұл туралы Reuters ақпаратына сүйене отырып Egemen.kz хабарлайды. 

ДДҰ-ға жарна көбейе ме?

Кәрі құрлықтағы Германия мен Франция билігі ДДҰ-на мүше елдердің жарна төлеуімен оның қаржылық мығымдығын нығайту керек деп есептейді. "Пандемия басталмас бұрын ДДҰ-ның қаржылық мүмкіндігінің кең адым аштырмайтыны белгілі болған еді" деген екі ел билігі, бұл ойды ДДҰ-ны реформалау турасында дипломаттар арасында таратқан құжатта көрсеткен. Жеті беттен тұратын ДДҰ-ны реформалау турасындағы құжатта ұйымның өкілеттілігін кеңейтумен қатар қаржылық қолдау қажеттігі баса айтылыпты.

Бүгінде ДДҰ-ның екі жылдық жалпы бюджеті 5 млрд құрайды, ал оның бесінші бөлігін оған мүше-елдер ешқандай шартсыз түрде жарна есебінде аударып келеді. Ал қалған бөлігі тұрақты емес, негізінен мақсатты түрде, бір реттік немесе мемлекеттер ерікті жағдайда төлеп тұратын қаражаттан құралады. Бұл ДДҰ жұмысын өркендетуге қолбайлау, сондықтан тұрақты жарна қажет деген пікір айтылған.

Құжат авторлары COVID-19 тәрізді әлемге қауіп төндіретін аурулардың алдын алу, ошақтарын анықтау, және олармен күресте қазіргіден көбірек қаражат керектігін көріп отырғанын айтып, бұл ойды "Вашингтон мен Бейжіңге дейін қолдау қажеттігін", оның адамзат игілігіне жұмыс істейтінін көрсеткен.

Reuters мәліметіне сенсек ДДҰ-ны реформалау жайындағы әңгіме қыркүйек айының өзінде көтерілуі мүмкін екен.



Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.