Әлем • 20 Тамыз, 2020

Тікелей эфир кезінде көз жұмған әншінің видеосы тарады

2821 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Румын әншісі Тави Пустиу әлеуметтік желіде тікелей эфир жүргізіп келе жатып, пойызға соқтығысып қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz ресейлік Риа басылымына сілтеме жасап. 

Тікелей эфир кезінде көз жұмған әншінің видеосы тарады

Кадрда артистің көлікте өзін қалай видеоға түсіріп келе жатқанын байқауға болады. Оның жанындағы қыз да видеодан анық байқалады. Жайбарақат сөйлеп келе жатқан әнші соңғы секундтарда сол жағына басын бұрып, кенеттен айғай салған. Осыдан кейін бейне үзіледі. Апат салдарынан Тави оқиға орнында қайтыс болғаны белгілі болды.  Ал оның әйелі тіршілікті қамтамасыз ету аппаратында, ауыр жағдайда жатыр. 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.