Білім • 20 Тамыз, 2020

Қостанай мектептерінде ата-аналардың онлайн жиналысы өтті

505 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысындағы 490 мектепте  ата-аналардың онлайн режімдегі жалпы жиналысы өтті. 70 мыңнан астам ата-ана қатысқан жиында жаңа оқу жылына дайындық барысы пысықталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанай мектептерінде ата-аналардың онлайн жиналысы өтті

Жиналыс барысында ата-аналарға алдағы оқу жылының басы қалай ұйымдастырылатындығы, әр мектептегі білім беру форматтары туралы түсіндірілді. 

Мысалы, эпидемиялық ахуалы тұрақты шалғай ауылдық мекендердегі мектеп оқушыларын дәстүрлі түрде оқыту жоспарланып отыр. Мұндай мектептердегі сынып жетекшілері ата-аналарға санитарлық-эпидемиялық талаптар мен оқушының мектепке келіп-кету тәртібін түсіндірді. Ал қашықтан оқытатын мектеп мұғалімдері 1-4 сынып аралығында ұйымдастырылатын кезекші сыныптардағы оқу үдерісінің жүзеге асырылу тәртібі туралы мағлұмат берді. 

Жиында мектеп формасы мәселесі де сөз болды. Ұстаздардың айтуынша, 2020-2021 оқу жылы балалардың мектепке өзіне қолайлы әрі сырт көзге ерсі көрінбейтін киім киіп келуіне рұқсат етілген.   

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.