Аймақтар • 20 Тамыз, 2020

24 жастағы қазақстандық боксшы пышақ жарақатынан көз жұмды

2169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шахтинскіде 24 жастағы боксшы пышақ жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz

24 жастағы қазақстандық боксшы пышақ жарақатынан көз жұмды

20 тамызға қараған түні Шахтинск қаласының 24 жастағы тұрғыны жарақат алды. Жігіт Орталық қалалық ауруханаға жатқызылды. Кейін дәрігерлер оның көз жұмғанын мәлімдеді.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жағдайға абйланысты кісі өлтіру фактісін растады. Ведомство бұл факті бойынша тергеу басталғанын атап өтті. Белгілі болғандай, қайтыс болған жас жігіт бокспен кәсіби түрде айналысқан.

"24 жастағы жас жігіт Шахтинск қаласының орталық ауруханасына пышақ жарақатымен жеткізілді. Өкінішке қарай, ол есінен танып қайтыс болды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлімі "Адам өлтіру"бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс - шараларын жүргізуде", деп атап өтті Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.