Турнир алдында спортшылар, ресми тұлғалар, бапкерлер мен басқа да қатысушыларға коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест тапсыру міндеттеледі. IJF мәліметінше, жарысқа қатысушылардың барлығы кейінгі 14 күнде қандай да бір ауру белгілерінің жоқ екендігін дәлелдейтін, COVID-19 теріс нәтижесін көрсететін медициналық анықтама әкелуі тиіс.
Сондай-ақ елге және тұрғын үйге кірерде және жарыс өтетін аумақтың барлығында дене қызуы сәт сайын өлшеніп тұрады. Маска тағу татами мен жаттығу залдарынан басқа жерлердің барлығында міндеттеледі.