Аймақтар • 21 Тамыз, 2020

Тазалық сақтамаған павлодарлықтар жауапқа тартылады

709 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл полицейлері жаңа шағын ауданда қоқыс тастаған көпқабатты үйдің тұрғындарын жауапқа тартты, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Polisia.kz жазады. 


Тазалық сақтамаған павлодарлықтар жауапқа тартылады

Белгіленбеген жерге қоқыс тастау - Петропавл тұрғындарының жиі кездесетін мәселелерінің бірі. Наразылық білдірген қала тұрғындары әлеуметтік желілерде қоқыс төгілген жерлердің суреттері мен видеоларын жариялауда.

Жергілікті полиция қызметкерлері тазалықты сақтау ережелерін бұзғандарды анықтау және алдын алу бойынша жұмыс жүргізуде. Петропавл қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Айдын Ақмағамбетовтың айтуынша, негізінен бұл проблема қала шетінде көп кездеседі. Алайда, кейде жаңа салынған көп қабатты үйлердің тұрғындары да осындай "жабайы" әрекет танытып жатады.

Жыл басынан Петропавл қ. ПБ полицейлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша 2659 хаттама толтырды.

Құқық бұзушылардың көпшілігіне ескерту жасалды, 82 адамға айыппұл салынды – бұл шара өрескел заң бұзушылықтар жасалғанда немесе бірінші жазадан кейін бір жыл ішінде қайталанған жағдайда қолданылады. Облыста жеті айдың ішінде абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 6516 адам жауапкершілікке тартылды.