"Чжун Наншань Гамалея ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми орталығы жасаған вакциналарды жоғары бағалады және біздің елімізді дәріні мемлекеттік тіркеу рәсімінің аяқталуымен құттықтады", делінген Бейжіңдегі Ресей елшілігінің хабарламасында.
Қытайлық маман "ресейлік аденовирустық вакцина қауіпсіз екенін және оның клиникалық сынақтары сәтті аяқталатынына сенім білдірді" деді.
Ол сонымен қатар ресейлік және қытайлық мамандар COVID-19 вакцинасы бойынша жұмыстың ғылыми аспектілеріне байланысты мәселелер бойынша белсенді жұмыс істеп жатқандығын сөзге қосты.
Бұған дейін Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың алдын-алуға арналған әлемдегі алғашқы вакцинаны тіркеген болатын. Ол "Sputnik V" деп аталған. Содан бері Ресейге миллиардтан астам доза вакцина сатып алуға 20-дан астам елден өтініштер келіп түскені хабарланды.
Гамалея институты Ресейде COVID-19-ге қарсы жаппай егу 2020 жылдың қазан айында басталады деп хабарлады. Вакцинациямен бір мезгілде вакцинаны клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңі өтеді. Оған 40 мың адам қатысады.