Аймақтар • 21 Тамыз, 2020

Ақмола өңірінде “Мектепке жол” акциясы жалғасуда

173 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қайырымдылық қашанда адам жанын елжірететін, тауқыметін талқысынан шығуға септігін тигізетін ізгі қасиет. Жаңа оқу жылы жақындаған сайын әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың алаңдаушылығын да әбден түсінуге болады. Соңғы жылдары білім ошағының табалдырығын аттайтын бүлдіршіндерге деген қоғамның қамқоршылығы айқын сезіле бастады.  

Ақмола өңірінде “Мектепке жол” акциясы жалғасуда

Облыстық көші-қон қызметі басқармасының мамандары да осы орайда қолдарынан келгендерінше көмек қолын созуда. Екі жыл қатарынан акцияға белсене ат салысып, жанашырлықтарын танытуда. Осындай шарапатқа бөленгендердің бірі Көкшетау қаласындағы Оразовтар әулеті. Отбасында үбірлі-шүбірлі төрт бала бар. Тұңғыштары биыл 5 сыныпқа бармақ.

–Төрт баланы бірдей мектепке дайындау әрине,ауырлау. Көп көмегі көп-көрім қолдау болып тұр. Балалар білімсіз қалмайды ғой, бірақ, бізді қуантатыны қоғамдағы ізгілік, қайырымдылық. Жақсылардың жақсылығын көріп-өскен балалар да ертең қайырымды болады. Ең бастысы, сол емес пе?!–дейді көпбалалы ана Гүлден Оразова.

Облыстық көші-қон қызметі басқармасының мамандары былтыр да  бірнеше отбасына көмек көрсеткен. Осы жылы да сол дәстүрді жалғастыруды көздейді.

Біздің ұжым бірнеше отбасылардың балаларын мектепке қажет киім-кешек, кеңсе тауарларымен қамтамасыз етті. Әр отбасына шамамен 45-50 мың теңге жұмсалады. Алдағы уақытта да көмектесуге дайынбыз,–дейді облыстық көш-қон қызметі басқармасының аға инспекторы Алмасбек Дәкімов.

Бір айта кетерлігі, облыстық полиция департаментінің барлық бөлімдері осы шара аясында белсенділік танытуда. Жыл басынан бері олар 50-ден астам отбасының баласын оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткен. Айта кету керек, аталмыш акция жыл бойы жүзеге асырылады.