Облыстық көші-қон қызметі басқармасының мамандары да осы орайда қолдарынан келгендерінше көмек қолын созуда. Екі жыл қатарынан акцияға белсене ат салысып, жанашырлықтарын танытуда. Осындай шарапатқа бөленгендердің бірі – Көкшетау қаласындағы Оразовтар әулеті. Отбасында үбірлі-шүбірлі төрт бала бар. Тұңғыштары биыл 5 сыныпқа бармақ.
–Төрт баланы бірдей мектепке дайындау әрине,ауырлау. Көп көмегі көп-көрім қолдау болып тұр. Балалар білімсіз қалмайды ғой, бірақ, бізді қуантатыны қоғамдағы ізгілік, қайырымдылық. Жақсылардың жақсылығын көріп-өскен балалар да ертең қайырымды болады. Ең бастысы, сол емес пе?!–дейді көпбалалы ана Гүлден Оразова.
Облыстық көші-қон қызметі басқармасының мамандары былтыр да бірнеше отбасына көмек көрсеткен. Осы жылы да сол дәстүрді жалғастыруды көздейді.
Бір айта кетерлігі, облыстық полиция департаментінің барлық бөлімдері осы шара аясында белсенділік танытуда. Жыл басынан бері олар 50-ден астам отбасының баласын оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткен. Айта кету керек, аталмыш акция жыл бойы жүзеге асырылады.