Аймақтар • 21 Тамыз, 2020

Ардагерлер жас қызметкерлермен кездесті

161 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Солтүстік Қазақстан облысының полиция ардагерлері мен тәлімгерлері жас офицерлерімен ашық әңгіме өткізді.

Ардагерлер жас қызметкерлермен кездесті

Қазір полицияның қалалық бөлінісінде 56 жас қызметкер жұмыс істейді. Олардың қызметі коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-шаралармен сәйкес келді. Сондықтан тәлімгерлер мен ардагерлер олардың полиция ұжымдарында бейімделу жөніндегі тәжірибелерін дәстүрлі түрде ести алмаған еді. Өйткені, бірінші күннен қауырт жұмыстар шұғыл басталып кетті. Ал қызметте бастапқы жағдай жасалса, жастардың жұмыс орнын екінші үйлері деп есептеулеріне септігін тигізеді. Бұл мәселелерді өзінің кіріспе сөзінде Петропавл қаласы ПБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі Сағындық Теміреев айтып өтті.

Барлық санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, ұйымдастырылған жиналыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жайлы да әңгіме қозғалды. Олжайлы бұрын қалалық бөліністің басшысы болған, қазір ардагер Абай Ғалиев бастады. Тоқсаныншы жылдардың қиын кезеңінде жедел уәкілдер мен тергеушілер кейде жарықсыз, қажетті техника мен жылусыз, құжаттарды баспа машиналарында қолмен басып, жұмыс істеді. «Қазіргі полицияға барлық жағдай жасалған. Енді лейтенанттар мен капитандардың міндеті – үнемі өздерін дамытып, шығармашылыққа және спортқа бейімді екендіктерін көрсету, әрине, бұл жұмыс барысына зиянын тигізбеуі қажет. Ал, аға әріптестері, тағайындалған тәлімгерлер мен ардагерлер жастарға кеңес беріп, көмектесулері керек», - деп Абай Ғалиев ардагерлердің пікірін білдірді.

Психологиялық дайындық, қызметте түрлі еліктіргіштерге қарсы тұра білу мүмкіндігі маңызды аспект болып табылады. Жуырда тағы біржағымсыз оқиға болып, аудандық бөліністің жас офицері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылды. Кадр саясаты бөлімінің инспектор-психологы, полиция капитаны Мәдина Молдинова кәсіби шеберлікті қалай арттыру жайын, ондайларға қалай төтеп беру жайын әңгімеледі.