Аймақтар • 21 Тамыз, 2020

Сенатор жылу желілерінің жылу беру маусымына дайындығын тексерді

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаты Дәурен Әділбеков Көкшетау қаласына келді, онда қазіргі таңда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Ең алдымен, депутатты облыс орталығының жылыту маусымына дайындығы қызықтырды, - деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенатор жылу желілерінің жылу беру маусымына дайындығын тексерді

Қазір коммуналдық қызметкерлер жылу желілерін жөндеумен айналысуда. 2 көміртозаңды қазандығының беріктігі тексерілді. Магистралдық және орамішілік жылу жүйелері де тексеруден өткізілуде.

Сондай-ақ сенатор жылу магистральдарының құрылысы мен қайта қалпына келтірілуін тексерді. Мердігерлер материалдар бойынша төлемді кешіктіру болғанын, бірақ қазір барлық мәселе шешіліп, материалдар келе бастағанын, енді жұмысты мерзімінде аяқтауға толық мүмкіндік бар екенін хабарлады. Бүгінде жоба 70%-ға аяқталып тұр.

Коммуналдық желілерді жаңартумен қатар, Көкшетауда тұрғын үйлер, оқушылар сарайы менжағалау құрылыстары жүруде. Сенатор денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арналған 40 пәтерлі үйдің құрылысы жүріп жатқан алаңда болды. Жергілікті билік қазір қалада тұрғын үй кешендері көптеп салынып жатқанын, әсіресе олардың басым бөлігі «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасының аясында бой көтеріп жатқанын атап өтті. Сенатор барлық мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуына және салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасына қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.