Экономика • 21 Тамыз, 2020

Жыл басынан бері Қазақстанның халықаралық резервтері 21,8% өсті

156 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Халықаралық резервтер құрылымында алтынның үлесі 67,7%-ға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл басынан бері Қазақстанның халықаралық резервтері 21,8% өсті

Бұл фактор тұтастай алғанда алтынды сатып алуға, оның әлемдік нарықтардағы бағасының өсуіне байланысты болды. 2019 жылы бағасы аса қымбат болмаған алтын бағасы 2020 жылы  24,9% -ға өсті. Сарапшылар әлемдік державалар арасындағы тайталастар кесірінен осы бағалы метал бағасы бүкіл дүниежүзінде қымбаттап жатқанын айта бастады.

Finam.ru сайтының хабарлауынша, егер жыл басында алтын бір трой унциясына 1520 доллардан сатылса, онда 12 тамызда ол бір унция үшін 1898,8 доллар болды.

Айтпақшы, Дүниежүзілік Алтын Кеңесінің мәліметі бойынша, 2020 жылдың маусым айындағы жағдай бойынша алтын қоры бойынша алғашқы үш елдің қатарына АҚШ (8133,5 тонна), Германия (3363,6 тонна) және Италия (2451,8 тонна) кіреді.  

Қазақстан алтын қоры бойынша елдер рейтингінде 15-ші орында тұр. Мұнан кейін Өзбекстан, Сауд Арабиясы және Ұлыбритания тұр.

Салыстыру үшін: Ресей алтын қоры бойынша бесінші орында, Беларусь 46-шы орында. Біздің еліміздегі алтын қоры 377 тонна деп бағаланады, Ресейде бұл көрсеткіш алты есе жоғары: 2298 тонна. Беларусь Республикасында алтынның қоры 49,5 тоннадан асады.

Қазақстанның халықаралық резервтеріндегі еркін айырбасталатын валютадағы активтердің үлесі жыл басынан бері 34,8% -дан 32,3% -ға дейін төмендеді. 2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша валютадағы активтер $ 11,4 млрд құрады.

Сарапшылар алтын дәстүрлі ақшаның баламасы болмаса да ақшаны айырбастауға қуаты жететінін айтып жатыр. Дүниежүзінде Basel III жаңа халықаралық банктік ережелер алтынға  «100%-ға бағаланатын бірінші деңгейдегі актив» ретінде бекітілді. Банктер осы ережеге сәйкес алтынды  «ақша эквиваленті» ретінде емес, «ақша түрі» ретінде қабылдайды. Бұл фактор алдағы уақытта алтын кепілдігі үшін банктер бұрынғыдан көбірек кредит беретінін білдіріп   тұр.  Нәтижесінде, банктер алтын бағасының төмендеуіне емес, қайта қымбаттауына мүдделі әрі ынталы болады.