Адамзаттың өткені мен келешегіне ой жүгіртіп, одан өз халқымыздың жүріп өткен жолдарына жетелейтін кезекті рухани дүние талғампаз оқырмандарға жол тартты.
Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасының Көрме залында белгілі саясаттанушы, публицист, Қазақстан Журналистер академиясының және қазақ Пен-клубының мүшесі, «Мысль» журналының бас редакторы Сейдахмет Құттықадамның «Олжас кітапханасы» баспа үйі жарыққа шығарған «Дао Алтая» кітабының тұсаукесері өтті.

«Дао Алтая» – автордың үшінші кітабы. Бұған дейін жарық көрген «Служение нации» және «Казахская драма» кітаптары да оқырман қауымға жақсы таныс. «Дао Алтая» тақырыптық жағынан алдыңғы екі кітабынан өзгеше. «Служении нации», «Казахская драма» кітаптары тақырыбы жағынан саяси сипатта болса, «Дао Алтая» – автордың ежелгі тарихқа саяхаты. Сейдахмет Құттықадам бұл еңбегінде зерттеушілік жанрды, яғни Бастапқы білімнің және қазіргі өркениетке төніп тұрған қауіптің себеп-салдарын ашып көрсеткен.
Бұл орайда автор әлемдік және отандық тарих туралы өзінің ерекше болжамын жасайды. Қазіргі таңда әлемде көптеген ежелгі археологиялық артефактілер жинақталып қалды, оларға әлі күнге дейін қазіргі заманның тарих ғылымы тұрғысынан түсініктеме берілген жоқ. Сондықтан айналамызда НЛО және бейәлемдік сана көрініс табуда. Аталған мәселелер жаңа көзқарасты және оларды тарихи парадигма шеңберінде, логикалық, жүйелі тұрғыдан қарастыруды қажет етеді. Сейдахмет Құттықадам бұл күрделі сауалдарға өзінің жауабын ұсынады.
Шара барысында Сейдахмет Құттықадамның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін көрме ұйымдастырылды.
Тұсаукесер рәсіміне қоғам қайраткерлері, танымал жазушылар, жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ, Алматы қаласының кітапханашылары қатысып, жаңа кітап төңірегінде ой-пікірлерін ортаға салды.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.