Саясат • 21 Тамыз, 2020

Асқар Мамин "Роскосмос" басшысымен кездесу өткізді

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Асқар Мамин "Роскосмос" ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Д. Рогозинмен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асқар Мамин "Роскосмос" басшысымен кездесу өткізді

Екі тарап ғарыш саласындағы Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, оның ішінде "Байқоңыр" ғарыш айлағын одан әрі дамыту мен Жерді қашықтан зондтау саласындағы өзара іс-қимылды талқылады.

"Бәйтерек" бірлескен ғарыш зымыран кешенін ("Назарбаев старты") құру жобасына және БАӘ-мен бірлескен, "Гагарин стартын" жаңғыртудың үшжақты жобасына ерекше назар аударылды.

Кездесуге Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Б. Мусин қатысты.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Экология • Кеше

Жүз жастан асқан кейуана

Аймақтар • 10 Мамыр, 2025

Ұлы дала жорығы басталды

Спорт • 10 Мамыр, 2025