Білім • 21 Тамыз, 2020

Жаңа оқу жылынан бастап мектеп оқушыларына экология сағаты өтеді

1108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл жаңа оқу жылынан бастап мектеп оқушыларына экология сағаты өтетінін айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа оқу жылынан бастап мектеп оқушыларына экология сағаты өтеді

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға экологиялық білім беру және тәрбиелеу бойынша тапсырма жүктеген болатын. Сарапшылармен бірлесіп, экологиялық білім беру және тәрбие бойынша толыққанды тұжырымдама дайындаймыз. Салалық министрлікпен бірлесіп, сарапшылармен бірнеше кездесу өткізіп, талқыладық. Осы жылдан бастап бірыңғай бағдарлама бойынша экологияға қатысты сынып сағаттары басталады және мектеп бағдарламасына экологиялық білім беру мәселесі ықпалдастырылатын болады», - деді А.Аймағамбетов.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.