Білім • 21 Тамыз, 2020

Педагог мамандығын таңдаған түлектер саны артып келеді

496 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы жылы педогогикалық мамандықтарды таңдаған түлектер саны едәуір өскен. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педогогтердің республикалық "Тамыз" кеңесінде айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Педагог мамандығын таңдаған түлектер саны артып келеді

"Бұрын өздеріңіз білетіндей, педагогикалық мамандыққа 50 баллмен оқуға түсуге мүмкіндік болса, өткен жылы оны 60 баллға көтердік. Биыл Мемлекет басшысы тапсырмасының аясында оны 70 баллға дейін көтердік", дейді Білім министрі.

Сондай-ақ Білім министрінің айтуынша, биыл педагогикалық мамандықтарды таңдаған түлектердің саны  екі есеге өскен. Оның басым көпшілігі "Алтын белгі" иегерлері. 1 500-ден астам "Алтын белгі" иегері педагогикалық мамандықты таңдаған. Бұдан бөлек, атқарылған жұмыстар бүгінгі мемлекет саясатының, жалпы педагогтер мәртебесін көтеру жұмысының үлкен жемісіне айналғанына сенімін білдірді.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.