Аймақтар • 22 Тамыз, 2020

Петропавлда мас күйінде көлік жүргізген 61 жастағы жүргізуші ұсталды

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл қаласында жолда апаттық жағдай туғызған 61 жастағы мас жүргізуші ұсталды. Оны жол қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша кешкі рейд жүргізу кезінде Набережная көшесінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тоқтатты. Volkswagen Passat автокөлігімен жолда апаттық жағдай туғызған. Тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі аңқып тұрғаны анықталды. Дәрігердің қорытындысы бойынша оның масаң екендігі дәлелденді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавлда мас күйінде көлік жүргізген 61 жастағы жүргізуші ұсталды

Нәтижесінде көлік арнайы тұраққа қойылып, жүргізуші қалалық Полиция басқармасына жеткізілді. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Баппен 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру көзделген. Процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар мамандандырылған әкімшілік сотқа өткізілді.

Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қанат Айтбаев жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзушылықтарын анықтау және алдын алу тұрақты бақылауда деп атап өтті. Жыл басынан бері СҚО жолдарында көлікті масаң күйде жүргізген 624 жүргізуші ұсталды.