12 финалистің есімдері jevision.khabar.kz сайтында дауыс беру арқылы белгілі болады. Онлайн-дауыс беру 22 тамыз күні сағат 00.00-де басталып, 31 тамыздың түн ортасына дейін жалғасады.
Қазақстанның барлық өңірлерінен барлығы 684 өтінім келіп түсті. Бастапқы кезеңде ұйымдастырушылардың музыкалық департаменті 72 өтінімді іріктеп алды. Олардың арасынан қазылар алқасы 30 қатысушыны таңдап алды.
Келесі кезеңнің қатысушылары:
- Абдрахманова Жанерке
- Алтынбекқызы Сания
- Балгазина София
- Башанова Қарақат
- Бекжан Назарбек
- Бурханова Адия
- Ғазизқызы Камила
- Гилёва Камила
- Жұмабай Әбілқайыр
- Жақыпбеков Нұрмұхаммед
- Жұмажан Айдана
- Заушева Айлун
- Қалдыбек Жанель
- Кузденбаева Камилла
- Кунадилова Адель
- Кусанова Нұршат
- Маким Жан
- Максимов Мирас
- Манарбекқызы Ақжібек
- Мукитанова Айым
- Нұржанова Акнұр
- Өмірбайұлы Сағын
- Сағынбаева Алина
- Сайполлда Ислам
- Тілепова Дильназ
- Тілеубек Әйкерім
- Тілеуінбетова Жасмин
- Төлеубай Дінмұхаммед
- Тұрсынова Махинұр
- Шерхан Арыстан
Ұлттық іріктеудің қазылар алқасының құрамында "Қазақконцерт" Мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдоллаұлы, "Хабар" телеарнасының директоры Динара Бисембина, әнші-композитор Қайрат Баекенов, композитор Хамит Шаңғалиев, Димаш Құдайбергеннің саундпродюсері Ерлан Бекчурин, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының деканы, продюсер Бағым Мұхитденова және халықаралық музыкалық байқаулардың жеңімпаздары - Жанар Дұғалова, Әміре, Dinaya және Мәди Сыздықов болды. Сондай-ақ, Ұлттық іріктеуге арнайы шақырылған әділ-қазы мүшесі - белгілі композитор, продюсер, "Eurovision Song Contest" ән байқауындағы Әзірбайжан делегациясының жетекшісі Иса Меликов те қатысты.
"Junior Eurovision" байқауының Ұлттық іріктеуінің финалы 26 қыркүйек күні "Хабар" телеарнасының тікелей эфирінде өтеді.
Жоба ұйымдастырушылары іріктеудің бірінші кезеңіне қатысқан барлық жас орындаушыларға алғыс айтып, барлық қазақстандықтарды jevision.khabar.kz сайтынан ең мықты қатысушыға дауыс беруге шақырады.
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш байқауға Қазақстанның осымен үшінші мәрте қатысуы - "Хабар" Агенттігінің 2016 жылдан бері Еуропалық хабар тарату одағының (ЕВU) қауымдасқан мүшесі атануының арқасында мүмкін болып отыр. Биыл байқаудың өтуіне Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі қолдау білдіруде.