Президент Қ.Тоқаев мемлекеттік органдардың алдына "халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидатын қалыптастыру міндетін қойғаны белгілі. Қазір халықтың сұранымына "кері байланыс" механизмі орнатылуда. Осыған орай Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов депутаттардың алдында есеп берді. "Коронавирус пандемиясы бәріміз үшін үлкен сынақ болды. Күнделікті өмірге үлкен өзгерістер әкелді. Барлық салалардың дамуына әсерін тигізді. Әсіресе, қызмет көрсету бизнесі зардап шекті. Мемлекет қиын-қыстау кезеңде тұрғындар мен бизнеске барынша қолдау көрсетті. Экономиканы тұрақтандыру, адамдарды еңбекпен қамту және табысын өсіруге ерекше көңіл бөлінуде", деп бастады өзінің сөзін әкім.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың жеті айлық қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан қазір республикада өнеркәсіптің дамуы бойынша бірінші, ауылшаруашылығы бойынша төртінші инвестиция тарту бойынша үшінші және құрылыс салу бойынша төртінші орынға шықты. Бүгінгі таңда облыс бюджеті жылдың басындағымен салыстырғанда 64 млрд. теңгеге артып, 324 млрд. теңгеге жеткен.
Былтырғы қазанда ашылған "Қызылжар" ЕЭА аумағында түрік компаниясы 510 орындық заманауи аурухана салуда. Оның құрылысы 2022 жылы аяқталады деп жоспарланған. Сондай-ақ Alageum Electric компаниясы инвесторы болып табылатын "Петропавл электртехникалық зауыты" іске қосылмақ. Ал немістің ауылшаруашылы техникаларын шығаратын "CLAAS" компаниясымен келіссөздер жүргізілуде. Бұл келіссөздер іске асса жергілікті аграрийлер неміс техникаларын арзанға алатын болар еді.
Аймақта кәсіпкерлік те дамып келеді. 2019 жылдан бері "қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несиелер беру іске асуда. Қазірдің өзінде 18,3 млрд. теңге сұраған 131 жоба мақұлданды. Олар іске асса 650 жаңа жұмыс орны ашылады. Солтүстік қазір тұрғын үй құрылысының бумын бастан кешуде. Биыл 303,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмекші.
Өңір жол мәселесін ауызға алғанда ғана ұятты деуге болады. Бүгінге дейін барлық жолдардың 35 пайызы қанағаттанғысыз жағдайда. Осы мәселені шешу үшін биыл 39,1 млрд. теңге бөлініп, ол бір мың шақырым жолды жөндеуге жұмсалатын болады.
Халықты таза ауыз сумен толық қамтамасыз ету мәселесі де күн тәртібінен түспей келеді. Биыл 288 шақырым су құбырларын жөндеу көзделген. Ол 60 мың тұрғыны бар 76 елдімекенді қамтиды. Бұл іске 8,7 млрд. теңге қарастырылған.
Халықты жұмыспен қамту мәселесі де үнемі назарда. Соңғы үш жылда жұмыспен қамту органдарына 90 мың тұрғын қайрылған, соның 10 мыңға жуығына жаңа кәсіптерді игеруге жағдай жасалған. 77 мыңы жұмысқа орналастырылып, тағы да 3 мыңдайына өздерінің кәсібін ашуға қол үші берілген. Осы мақсаттарға бюджеттен 32 млрд. теңге жұмсалған екен. Ол 34 мыңға жуық тұрақты жұмыс орындарын ашуға жұмсалған. Биыл 3 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды.
Білім беру саласына бөлініп жатқан қаражат жыл сайын артып отырады. Егер ол былтыр 18 пайызға көбейсе, биыл ол 32 пайызға артты. Бұл 87 млрд. теңге деген сөз немесе облыс бюджетінің 30 пайызы. Биыл 107 білім беру нысанына түрлі жөндеулер жасалды. Биылғы оқу жылында 2 жаңа мектеп ашылады. Оның 900 орындығы Қызылжар қаласында, 300 орындық біреуі Бескөл ауылында ашылады. Екеуі де қазақ тілінде оқытатын мектептер.
Аймақтық ЖОО-да жақсы жаңалықтар бар. Биыл ондағы студенттер саны 7 мың асты. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 1,8 есе артық. Былтырдан бері медициналық және ауылшаруашылығы профилі бойынша 25 жаңа мамандықтар дайындау қолға алынған. Жаңа оқу жылында грантпен түсетіндер саны 1200 адам.
Денсаулық сақтау саласына 2019 жылдан бері медициналық жарақтар алу үшін 2,4 млрд. теңге бөлініп келеді. Аты жаман вируспен күреске қарсы биыл сатып алынған ӨЖТ аппараттарының саны 112-ге жетті және тағы 111 түспекші. Бес оттегі стансаларының құрылысы басталды.
Облысқа медициналық мамандардың келу тартымдылығын арттыру үшін әлеуметтік пакет бұрынғыдан да жақсартылды. Ауылдық жерлерге баратын дәрігерлерге ол 1,5 млн тегеге жетті. Аудандық әкімдіктер оларды тұрғын үймен толықтай қамтамасыз етеді.
Солтүстік Қазақстан облысының депутаттары Құмар Ақсақаловтың аузынан осындай деректерді естіп, өңірдің тұрақты даму жолында екендеріне көздері жетіп жақсы көңіл күймен тарасты.
Солтүстік Қазақстан облысы
«Ясауи ізімен» экспедициясының көкжиегі кеңейеді
Руханият • Кеше
Тариф тұрғындарды тығырыққа тіремеуі тиіс
Қазақстан • Кеше
Ресей президентінің кезекті жолдауы
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Президенттік институт – пәрменді билік
Елбасы • Кеше
Өзегіне ұлт мінезі ұялаған «Салтанат»
Өнер • Кеше
Дулыға Ақмолда: Менің ешкімге ұқсағым келмейді
Өнер • Кеше
Таным • Кеше
Тоқішек пен тікішек обырларына шалдыққандар неге көбейді?
Медицина • Кеше
Екпе салдырушылар саны артып келеді
Аймақтар • Кеше
Дәрігерге «құрылысшы» киімі сатып алынғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
АҚШ санкциясы Қазақстанға әсер ете ме?
Қазақстан • Кеше
Ақтоғайдан Алматыға, одан кейін Бордо...
Спорт • Кеше
Қоғамдық кеңестердің өкілеті едәуір артады
Қазақстан • Кеше
«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Семейде 18 мектеп карантинге жабылған
Білім • Кеше
Ауылдарға ауыз судың жетуін Nur Otan бақылайды
Қоғам • Кеше
Қазақстанның Исландиядағы жаңа консулы таныстырылды
Саясат • Кеше
Адам өліміне қатысы болған экс-әкім қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Латын әліпбиінің жаңа нұсқасын талқылауға ұсынды
Қазақстан • Кеше
Сауран ауданына алғашқы әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Атыраудың ауылдарына таза ауыз су жеткізуді тапсырды
Аймақтар • Кеше
Президент Атыраудағы денсаулық сақтау нысандары ескіргенін айтты
Аймақтар • Кеше
Ұлтқа берері көп тұлғаларымыздан айырылып қалып жатырмыз - Қ.Тоқаев
Президент • Кеше
Атырау облысында 37 жаңа мектеп салынады
Аймақтар • Кеше
Жол саласындағы мәселелерді кешенді түрде шешу қажет
Президент • Кеше
Президент Сарайшық қаласындағы туристік саланы дамытуды тапсырды
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы: Атырау облысында медицина мамандары жетіспейді
Медицина • Кеше
Жол салатын мердігерге талап қатаң болуға тиіс – Президент
Президент • Кеше
Жалақысы көп өңірлер анықталды
Қаржы • Кеше
Жамбыл облысында көлік ұрлығы 40 пайызға азайған
Аймақтар • Кеше
Отандық QazVac вакцинасының алғашқы партиясы пайдалануға берілді
Қазақстан • Кеше
Мемлекет басшысы: Қашаған кен орнын толық игеру керек
Президент • Кеше
СҚО-да өртенген саяжайдан ер адамның денесі табылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда биыл жеке тұлғалардан 5,3 млрд теңге көлік салығы түсті
Аймақтар • Кеше
Ұлт тарихтын зерделеудің бүгінгі ұстанымы
Тарих • Кеше
Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Жол сапасы ішкі туризмнің дамуын тежеп келеді – Сенат депутаты
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар